×

Полиция Шерзаттың ағасының көлігіне қатысты видеоға түсінік берді

Полиция тексерісінен кейін көлік жақын туыстарына берілген

Полиция Шерзаттың ағасының көлігіне қатысты видеоға түсінік берді
Видеодан скриншот

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әлеуметтік желіде бауырының көлігін полиция қызметкерлері заңсыз тексергенін мәлім еткен еді. Осы жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция қаза болған Нұрғанат Ғайыпбаевтың көлігіне заңнамаға сәйкес мұқият тексеріс жүргізгенін атап өтті.

«Көлікті қайтыс болған 30 жастағы ер адамның туыстары оның мәйіті табылған жердің маңайында тапты. Полиция қызметкерлері оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін келді. Құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес қажетті тергеу әрекеттерін, соның ішінде көлік құралына мұқият тексеріс жүргізді», – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оның айтуынша, тексеруден кейін көлік жақын туыстарына берілген. Полиция болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Тергеу барысы туралы ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай ұсынылатын болады.

Полиция өкілі оқиғаға қатысты тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған
Бүгін, 12:35

Жамбыл облысында үш жасөспірім оқушы қызды жабылып зорлаған

Қазір қылмыстық іс тараптардың танысу сатысында жүріп жатыр
Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдаған
2,2 млрд теңге мүлік шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген
Нұрымовтың адвокаты орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →