×

Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді.

Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған
Бүгін, 09:58

Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған

2,2 млрд теңге мүлік шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →