Тиісті жауапты құқық қоғау органдары береді, дейді депутат
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровқа Талғардағы ахуал ушығып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Кеше Қаржаубайдың қарындасының «неге келмейсіздер», «неге күзетпейсіздер» деп айтқанын естідіңіздер. Әрине, жағдаят осындай болғаннан кейін оны қарау керек еді, күзету керек еді, тіпті күні-түні қорып, бұл жағдайды ушықтырмау керек еді деп ойлаймын. Сондықтан бұны құқық қорғау органдарының салғырттығы деп айтамын. Екіншіден, жауапкершіліктің төмен болуы деп айтамын (құзырлы органдардың). Қаржаубай кешеге неге көліктің үстіне шығып айқайлады? Өйткені бұл жерде сол жауапты тараптың әлсіздіктерінен. Бұл істің ушыққанын бәрі көрді ғой. Бұл нәрсені қолға алмаса, тағы басқаларға қиянат жасалуы мүмкін», – деді депутат.
Оның айтуынша, ол Қаржаубай Нұрымовтың қамалғанын дұрыс, не бұрыс деп баға бере алмайды. Тиісті жауапты құқық қоғау органдары береді, дейді депутат.
Еске салайық, осыған дейін марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрғанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.
Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетіп, «бұзақылық» айыбымен 15 тәулікке қамауға алды.