×

Кәмелетке толмағандар: Жамбыл облысында үш жасөспірім топтасып, қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді

Қылмыстық іс тараптардың танысу сатысында

Кәмелетке толмағандар: Жамбыл облысында үш жасөспірім топтасып, қыз баланы зорлады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында полиция қыз баланы топтасып зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған үш адамды анықтады Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Аталмыш фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты бір топ адам жасаған зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында үш жасөспірім күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, ал үшіншісіне жеке кепілдікті таңдады», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қылмыстық істі тергеуді аяқтады, ол тараптардың танысу сатысында. Осыдан кейін қылмыстық іс прокуратураға, ары қарай сотқа жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Кеше, 20:25

Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →