×

Екі аяқ тізеден жоғары кесілген: Түркістан облысында пойыз ер адамды басып кетті

Зардап шегуші ер адам эпилепсиямен ауыратыны белгілі болды

Екі аяқ тізеден жоғары кесілген: Түркістан облысында пойыз ер адамды басып кетті
Сурет: 24.kz

Түркістан облысында пойыз ер адамды басып өтіп, ол екі аяғынан айрылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  Болған оқиғаға қатысты ҚТЖ түсініктеме берді.

Оқиға 12 желтоқсанда Түркістан облысындағы Манкент станциясында болған.

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам өзінің абайсыздығынан зардап шеккен. 

“ Жүк пойызы 37 жастағы жергілікті тұрғынды басып өтіп, салдарынан оның екі аяғын тізесінен жоғары кесіп тастаған. Белгілі болғандай зардап шегуші ер адамның эпилепсиямен ауыратындығы, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, пойыздың астына түскен. Оқиғадан кейін оны дереу жақын маңдағы ауылдық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаның себебі жәбірленушінің жеке абайсыздығынан болып отыр”, – делінген . Іс Ішкі істер департаментінде тергелуде", –  делінген ҚТЖ хабарламасында.

Қазір болған оқиға мен оның салдарлары туралы іс Ішкі істер департаментінде тергеліп жатыр. ҚТЖ теміржол көлігі объектілеріне жақын орналасқан азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →