×

"Хан Шатыр" әкімшілігі халықтан кешірім сұрады

Бұған дейін желіде қазақтың ұлттық киімімен "Хан Шатырға" кіруге болмайтыны туралы блогердің видеосы тараған

"Хан Шатыр" әкімшілігі халықтан кешірім сұрады
Фото: Qaz365.kz

"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі қазақтың ұлттық киіміне қатысты тараған видеоға ресми жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық киімімен "Хан Шатырға" кіруге болмайтыны туралы блогердің видеосы тараған. Орталық осы мәселеге ресми жауап беріп, түсінбеушілік болғанын айтты.

"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы ешқашан және еш уақытта қазақтың ұлттық киімін киюге қарсы болған емес, себебі бұл – біздің ұлттық құндылығымыз. Керісінше, алғашқы күндерден бастап бүгінге дейін біз мемлекеттік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ұлттық мұрамызды, дәстүрлерімізді және өнерімізді насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді көрсетіп келеміз", - делінген хабарламада.

"Хан Шатыр" қазақтың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін сақтау мен өркендеуге бағытталған барлық бастаманы қолдауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, сауда орталығынын келушісі мен күзет фирма қызметкері арасында түсінбестік пен жағымсыз оқиға болды. Осы жағдайға байланысты біз осы оқиғаға тап болған келушімен кездесіп, мән-жайды толық түсіндіріп, ресми түрде кешірім сұрадық. "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының атынан осы оқиға салдарынан көңіліне қаяу түскен Қазақстан Республикасы азаматтарынан шын жүректен кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және осындай келеңсіздіктер қайталанбайды деп үміттенеміз", - делінген орталықтың хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Бүгін, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →