×

Қаскелеңде 18 жастағы қызды танысы зорлап, ауласына әкеліп тастаған

Полиция бұл факт бойынша тергеу әрекеттерін бастады

Қаскелеңде 18 жастағы қызды танысы зорлап, ауласына әкеліп тастаған
Фото: polisia.kz

16 желтоқсан күні танысынан зәбір көрген 18 жастағы қыздың жақындары "НеМолчи.kz" қорының басшысы Динара Смайыловадан (Дина Таңсәрі) көмек сұрап жазған. Жәбірленуші жұмыстан келетін уақыттан кешіккенде жақындары іздеу салып, дабыл қаққан. Қаскөйлер қызды түнгі сағат 02:00-де үйінің алдына әкеліп тастап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қыздың жақындары іздеу салып, полицияға жүгінген. Сол кезде қыздың сіңлісі үйде жалғыз қалған. Бірде ол қоршаудан әлдекімнің есік қаққанын естиді. Сыртқа шықса, әпкесі жатыр екен.

“Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға “Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!” деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар. Олар бірнеше адам болып зорлауы мүмкін”, – делінген жазбада.

Динара Смайылованың айтуынша, жәбірленушінің жақындары іс жабылып, кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. 

Полиция бұл факт бойынша тергеу әрекеттерін бастады.

"Құқық қорғау органдары 33 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Қазір қылмыстың ауырлығына сәйкес оған қандай шара қолданылатыны шешіліп жатыр", – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бақыт Реимованы сот 15 тәулікке қамаған кезде біршама жайттарды ескермеген дейді ол
Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұл жұмысшылардан екі есе төмен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →