×

СҚО-да көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлап кетті

Тергеу басталды

СҚО-да көпір сынып, жүк көлігі өзенге құлап кетті
Фото: көрнекілік

Оқиға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болған. Екі ауылды жалғайтын көпір жүк көлігін көтере алмай сынып кеткен. Салдарынан бидай тиеген ауыр техника өзенге түсіп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғ.Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тергеуді бастады.

«Нежинка – Бірлік ауылдары арасындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірде бидай тиелген «Shacman» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, Есіл өзеніне құлады», – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →