×

Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді

Жағдайға байланысты 3 мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылған

Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
Сурет: Бейнеден кадр

Сенбі күні сағат 15:00-де облыс әкімінің төрағалығымен Семей қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты жедел жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеп отыр.

Кеңес барысында Білім басқармасына қызметтік тексеріс жүргізу, ал Денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккен мұғалімді тәулік бойы бақылауға алу тапсырылған.

“Қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны безендіру жұмысына заңсыз тартылғаны анықталды. Олардың арасында №49 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев жарақат алған. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңына қайшы келеді, себебі педагогтерді өздерінің тікелей міндеттерінен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынған. Қазіргі уақытта зардап шеккен мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында. Қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша Семей қаласындағы үш мектептің директорына қатаң тәртіптік шара қолданылды. Қалалық білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды”, – деді  Облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Болашақта осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарына заң талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма беріліп, бақылау күшейтілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →