Бүгін, 25 желтоқсанда, Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлады. Оқиға орнынан видео желілерде тарап жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ апатынан 6 адам аман қалғанын айтты.
Ол жаққа арнайы ұшақ аттанды. 14 бригада жедел жәрдем қызметі аттанды. Әзірге 6 адамның тірі қалғаны белгілі. Олардың жағдайы өте ауыр, - дейді Ақмарал Әлназарова.
"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысып, рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.