Денсаулық сақтау министрлігі 28 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін ұшақ апатында аман қалғандардың алдын ала тізімін жариялады. Тізімде Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Апат кезінде тірі қалған 29 адамның ішінде 11 және 16 жастағы екі бала бар. Біреуі Әзербайжан азаматы, екіншісі Германияда тұрады. Алайда азаматтығы белгісіз.
Жалпы, қазіргі кезде ауруханаға 10 Ресей азаматы, 14 Әзербайжан азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, Германияда тұрамын деген бір бала жеткізілді. Бұдан бөлек, 32 және 40 жастағы екі әйелдің азаматтығы әзірше белгісіз.