×

Желіде Ақтауда құлаған ұшақтың салонынан видео тарады

Ол бұл кадрларды әйеліне жіберген

Желіде Ақтауда құлаған ұшақтың салонынан видео тарады
Видеодан скриншот

Видеоны Субхон Рахимов түсірген деп айтылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл кадрларды әйеліне жіберіп, бірдеңе дұрыс емес екенін байқағанын жазған. Адамдар үрейленіп, дұға етіп, жолаушылар оттегі маскаларын пайдаланғанын көре аламыз.

Видеоны 112 тelegram-арнасы таратты. Оны түсірген жолаушының бірі видеоны құлар алдында әйеліне жіберіп үлгерген. Видеода ер адам Құдайға табынып, салонның видеоларын ішіндегі жағдайды көрсеткен. Салондағы адамдардың үрейленіп, әрең отырғаны байқалады. Ер адам ұшақ құлағаннан кейін де видео түсіріп үлгерген. Дене жарақатынан ыңыранып, тұра алмай жатқан әйелге “тұра аласыз ба?” деп сұрақ қойған. Әйел “көмектесіңізші” деп көмек сұрайды. Апаттан кейін салонның іші қирап, адамдар бір-бірлеп шығуға тырысып жатқаны көрінеді.

Еске салайық, бүгін Ақтауда Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ құстармен соқтығысқан деген нұсқа бар. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұшақтың бортында баллон жарылғанын хабарлады. ТЖМ хабарлауынша, 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →