×

«Еңбекқор еді»: мұғалімдер ұшақ апатында қаза тапқан астаналық оқушы жайлы айтты

Ведомство қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

«Еңбекқор еді»: мұғалімдер ұшақ апатында қаза тапқан астаналық оқушы жайлы айтты
Фото: instagram.com/sandi_sultan/

Ақтаудағы ұшақ апатынан анасымен бірге қаза тапқан астаналық 11 жастағы бала Эльдар Жұмағат туралы оның мұғалімдері айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуе апаты салдарынан қаза тапқандар арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. 

«Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді,  әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Ведомство қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қайғыға ортақтасады.

Айта кетейік, елордалық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Эльдар Жұмағат Грозныйға жаңа жылды қарсы алу үшін ұшқан. Өкінішке қарай, олар діттеген жеріне жете алмай, әуе апаты салдарынан мерт болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →