×

18 жастағы шымкенттік өзі қаза болса да, 4 адамға өмір сыйлады

Оның отбасына  "Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" жоғары наградасы табысталды

18 жастағы шымкенттік өзі қаза болса да,  4 адамға өмір сыйлады
Сурет: Коллаж/Qaz365.kz

Жантүршігерлік жол апатынан көз жұмған Шымкент тұрғыны төрт адамға жаңадан өмір сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Донорлық көмекке марқұмның туыстары келісім берген. Небәрі 18 жастағы Максим бірнеше тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқанымен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Кейін туыстарынан марқұмның ағзасын өзге науқастарға алуға рұқсат сұраған.

“Інім ауруханаға өте ауыр халде түсті. Дәрігерлер қолдан келген көмекті жасағанын айтты. Артынша ми тіндері өлгенін хабарлады. Сондықтан оның ағзасын донорлыққа пайдалануды ұсынды. Бізде ойланатын көп уақыт болған жоқ. Ауыр жағдайда тұрсақ та бір түн ішінде шешім қабылдап, келісім бердік”, – дейді марқұмның әпкесі Евгения Юнусова.

Марқұмның жүрегі, өкпесі, бауыры мен 2 бүйрегі алынды. Ол ағза мүшелері жағдайы мүшкіл 4 науқастың өміріне араша болды. Марқұмның отбасына Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан “Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін" жоғары символикалық наградасы табысталып, құрмет көрсетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →