×

Ұшақ құлағанда қаза тапқан 24 әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді

Ұшақ құлағанда қаза тапқан 24 әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді
Фото: gov.kz

Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының мәйіті отанына жөнелтілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Маңғыстау облысының әкімдігі жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлім етті.

28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді,

Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы еліне оралды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Кеше, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →