×

Әзірбайжан Президенті Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін атады

Ұшақты абайсызда атып алуы мүмкін

Әзірбайжан Президенті Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін атады
Ашық дереккөздерден

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағы Грозный қаласына жақын тұста сырттан зақым алған. Бұл туралы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев әзірбайжан телеарнасына берген сқхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұшақ апатына қатысты соңғы себеп қара жәшікті оқығаннан кейін айтылатыны анық. Алайда қазір айтылып жатқан нұсқалар да фактілерге сүйене отырып айтылуда. Ал фактілер не дейді? Фактілер біздің ұшақтың Ресей аумағында, Грозный қаласына жақын тұста сырттан зақым алғанын көрсетуде. Ұшақ басқару қабілетін жоғалтқан. Біздің ұшақтың басқару жүйесіне радиоэлектронды күрес жүйесінің (РЭБ) зиян келтіргенін білеміз», - деді Әлиев.

Ол ресейлік тарап үш күн бойы ақылға симайтын нұсқаларды айтып, қашқақтағанын мәлімдеді. Істің әділ шешілуіне сенім білдірді.

“Әлбетте, біздің ұшақты абайсызда атып алуы мүмкін. Ешқандай қасақана ойластырылған шабуыл емес. Сол себепті кінәні мойындап, Әзірбайжаннан кешірім сұрап, дос ел ретінде мән-жайды қоғамға түсіндіру керек еді. Бұл жасалуға тиіс қадамдар еді. Өкінішке орай алғашқы үш күнде Ресей тарапы ақылға келмейтін сандырақ нұсқаларды айтудан басқа ештеңе істемеді”, - дейді Әзірбайжан Президенті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →