×

Президент Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде көмекке асыққан жандарды марапаттады

Марапатқа электр торабының шеберлері, дәрігер-фельдшерлер, ТЖМ мен әскери қызметкерлер, аэропорт пен полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар ұсынылған

Президент Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде көмекке асыққан жандарды марапаттады
Сурет: ТЖМ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған әзірбайжандық ұшақтағы зардап шекккен адамдарға көмек көрсетуге асыққан жергілікті тұрғындар мен мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың жарлығымен мына адамдар мемлекеттік марапаттар табысталды:

  • “Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын»,
  • Маңғыстау облысы ТЖД Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серікболат Оңғар Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен,
  • Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық бекетінің меңгерушісі Ирина Кочергина «Құрмет» ордендерімен марапатталды.


«Ерлігі үшін» медалімен:

  • Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев,
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков,
  • «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалындағы «Вышка» диспетчерлік бекетінің диспетчері Ярослав Толстиков,
  • «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

  • Ақтау халықаралық әуежайының қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов,
  • ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері атанды. 

Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді
Бүгін, 19:50

Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған: марқұмның туыстары қылмыскерге шыққан үкіммен келіспейді

Жетісай ауданының Алғабас ауылында аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру оқиғасы бұған дейін елді дүр сілкіндірген еді
Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →