×

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшігін» тексеру басталды

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшігін» тексеру басталды
ТЖМ

Бразилия сарапшылары өткен аптада Қазақстанда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшігіндегі мәліметтерді тексеруге кірісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Онда Әзербайжан, Қазақстан және Ресей өкілдері де бар. 

Бразилиялық Agência Brasil агенттігінің мәліметінше, «қара жәшіктер» сәрсенбіде (Астана уақыты бойынша бейсенбіде) Бразилияға жеткізілген. Келесі күні өздігінен жазу құрылғыларын ашу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға Бразилия Әскери-әуе күштерінің (FAB) мамандары қатысып жатқаны айтылды.

Қазір негізгі жұмыс – ұшқыштардың дауыстарының жазбалары мен ұшақтың апатқа ұшыраған сәтке дейінгі бүкілақпаратты қамтитын қара жәшіктерден деректерді алу және талдау.

Бразилиядағы тергеушілер кабинадағы сөйлесулердің аудио тректерімен және ұшақтың ұшу деректерін тіркеуіштермен жұмыс істеп жатыр. CENIPA мамандары жағдайды модельдеу, ұшақтың жылдамдығын, оның траекториясын дәл бағалау және өз қорытындыларын жасау үшін компьютерлік технологияны пайдаланады, – деді Бразилияның әуе күштері.

Айта кетсек, ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →