×

Жетісу облысында 5 көлік қар құрсауында қалып қойды

«Үшарал-Достық» тас жолында болған

Жетісу облысында 5 көлік қар құрсауында қалып қойды
Видеодан кадр

Жетісу облысының Алакөл ауданында құтқарушылар 11 адамды қар құсауынан алып шықты, оның 3- еуі бала, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ-нің мәліметінше, бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалған.

Құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды "Трэкол" жол талғамайтын арнайы көлігімен Достық станциясына жеткізген. Ақ бораннан аман шыққан 11 адамның ішінде 3 бала бар. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ жолаушыларға  сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды ескертеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →