×

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағын тексеру үш жылға дейін жалғасуы мүмкін

Қосымша зерттеулер қажет болмаса, 36 айдан аспайды

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағын тексеру үш жылға дейін жалғасуы мүмкін
ТЖМ

Ресейдің ТАСС басылымы Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты нақты зерттеу нәтижесі үш жылдан кейін шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар Қазақстанның Көлік министрлігі сілтеме жасаған. Агенттік министрліктің ақпаратына сәйкес тергеу комиссия құрылған күннен бастап 36 айға дейінгі есепті дайындау мерзімін реттейтін бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізген. 

Ережеге сәйкес, қосымша зерттеулер қажет болмаса, есеп белгіленген мерзімде дайын болуы қажет. 

2024 жылғы 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі тіркеу нөмірі 4K-AZ65 Embraer E190AR ұшағында болған авиациялық оқиғаны тергеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ң 2017 жылғы 27 шілдеде шыққан №505 бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Бұйрықтың 32-тармағына сәйкес адам қаза болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы комиссия құрылған сәттен бастап бекітілген күнге дейін жүргізіледі. Мұндай оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды есеп қосымша зерттеулер қажет болмаса, 36 айдан аспайды, - делінген министрліктің ақпаратында.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев тергеудің алдын ала немесе аралық нәтижелері 30 күн ішінде белгілі болатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →