×

Талдықорғанда үй өртеніп, отағасы өлім құшты, әйелі мен төрт баласы жансақтау бөліміне түсті

Қазір қаралы отбасы көмекке зәру

Талдықорғанда үй өртеніп, отағасы өлім құшты, әйелі мен төрт баласы жансақтау бөліміне түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға 31 желтоқсанда болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

31 желтоқсанда таңертең екіқабатты жер үйде газ-ауа қоспасынан от шығып, жарылыс болған. Ол үйде Бекпаевтар отбасы – күйеуі, әйелі мен төрт баласы тұрған. Өкінішке қарай үй мен ішіндегі дүние мүлік түк қалмай өртеніп, үй ішіндегілерінің бәрі жансақтау бөліміне түскен. Үйдің отағасы мен әйелінің денесі 98 пайызға күйіп кеткен. Дәрігерлердің қаншама күш салғанына қарамастан, Ерлан Бекпаев есін жимай, жүріп кеткен. Ал әйелі Дәния аса ауыр жағдайда жатыр.

Қазір қаралы отбасы көмекке зәру. Әлеуметтік желіде Ерланның анасының зарын айтқан видеосы тарады.

«Үйімде үлкен апат, қайғы болды. Арыстай ұлымнан айырылдым. Төрт немерем, келінім аппаратта, реанимацияда жатыр. Бәрі күйіп, жүре алмай жатыр. Құзырлы органдардан, әкімнен, не газда істейтіндерден бір адам келіп, хәл сұраған жоқ. Көрші-қолаң, ағайын-туыс бәрі көмектесіп, бәрі шулап жатқанда неге келмейді олар? Неге келіп көңіл айтып, білмейді? Қандай тасжүрек адамдар? Мынау сұмдық қой. Шақырды. «Газдың иісі шығып тұр» деді. Ешқандай үндемей кетіп қалған. Қайда барамыз? Не айтамыз? Төрт баласы аман болып, келінім аман шықса болды», – дейді егде ана.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Кеше, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →