×

Зерендіде төрт жасар бала 39 магниттік шарды жұтып қойған

Оқиға жаңа жыл қарсаңында болған

Зерендіде төрт жасар бала 39 магниттік шарды жұтып қойған
Сурет:Pixabay

Зерендіден келген төрт жасар бала 39 магниттік шарды жұтып қойған,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Nayzakokshe.kz-те ақпарат жарияланды. Оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған.

Бақытына орай, хирургтар баланы құтқарып қалған. Бірақ операция қиын өткен.  

“Баланың анасы ұлының аузынан бірнеше магнитті мәрмәр моншақты тауып алған. Алайда, біраз уақыттан кейін нәресте өзін нашар сезініп,  шағымданған.  Тағы біраздан соң құса бастапты. Ата-аналар оны шамадан тыс тамақтанғаннан шығар деп ойлаған. Бірақ жағдайы нашарлаған кезде оны шұғыл түрде Ақмола ауруханасына жеткізуге тура келген. Операцияны тәжірибелі дәрігер, бөлімше меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізді. Мен көмектестім. Лапороскопиялық тіреуіштің, монитордың көмегімен біз 39 магниттік шарды шығарып алдық! Үш күн ішінде олар ішектерді зақымдап, тоқ ішек пен аш ішекті тесіп үлгерген. Бұл операцияны қиындатып,  бес сағатқа созылды. Сонымен қатар,ішек жолдарында перитонит дамып, жаралардан ірің ішек қуысына төгілген", — дейді хирург Сәлімжан Жақыпов.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл соңғы алты айдағы қайталанып отырған үшінші жағдай екен. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар! Оқыс жағдай орын алса, бірден мамандардың қызметіне жүгініңіздер. Өздеріңіз залалмен күресу, өмірге қауіп төндіруі мүмкін дейді дәрігерлер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
18.01.2025ж. 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →