×

Астанадағы ірі супермаркетті таракандар қаптап кеткен

Үйге шақырылмаған қонақтарды әкелмеу үшін өнімдерді мұқият тексеріңіз

Астанадағы ірі супермаркетті таракандар қаптап кеткен
Сурет: panram.ru

Астаналық жергілікті супермаркеттердің бірінде кассада жүгіріп жүрген тарақандарды келушілердің бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы ақпарат Zhaloby_astana инстаграм парақшасында жарияланды.

Видео авторы оқиғаның  "Астықжан" сауда орталығында түсірілгенін мәлімдеп отыр.

"Ақжол даңғылындағы "Астықжан" сауда дүкенінің барлық сатып алушыларына ескерту жасағым келеді. Үйге шақырылмаған қонақтарды әкелмеу үшін өнімдерді мұқият тексеріңіз. Бұл өте қорқынышты. Егер олар кассаларда емін-еркін жүгірсе, дүкен сөрелерінде не болуы мүмкін?!" –  дейді автор бейнежазбасында.

Бұл оқиғаға Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен елорда әкімдігі түсініктеме беріп, тексеру үшін жазбаша өтінішпен жүгіну қажеттігін түсіндірді. 

"Осы мәселе бойынша тексеру жүргізу үшін Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сізден Департаментке не оның аумақтық басқармасына, не "электрондық үкімет" порталы арқылы бұзушылықтардың нақты фактілерін (фото, видео және т. б.), халықтың өмірі мен денсаулығына зиян/қатер келтіруді көрсете отырып, жазбаша өтінішпен жүгінуіңізді сұрайды", – делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарламасында. 

Елорда әкімдігі бұл жағдайда тағы қайда жүгінуге болатынын айтты. 

"Осы мәселе бойынша Ұлттық сараптама орталығына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитетіне желтоқсан, 46 мекенжайы бойынша жазбаша өтініш жазу не электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде "электрондық үкімет" порталы арқылы Ұлттық сараптама орталығына, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитетіне электрондық форматта жүгіну қажет ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы бойынша. Өтініште адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру туралы нақты фактілер, зиян келтіретін объектінің атауы және оның орналасқан жерінің мекенжайы көрсетілуі тиіс", – делінген әкімдік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Бүгін, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →