×

Таразда ер адам мұнаралы кранға асылып өз-өзіне қол салмақ болған

Ол 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған

Таразда ер адам мұнаралы кранға асылып өз-өзіне қол салмақ болған
Сурет: Бейнеден кадр

Таразда өз-өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Облыстық Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз қаласында Сәтбаев көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысындағы, 4 қабаттағы мұнаралы кранға өзін байлаған ер адамның өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті.Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ күштері жіберілді. Келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен психологтар ер адаммен әңгімелесіп, оның назарын аударды.Содан кейін құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып ер адамды түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта “өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеу”  бабы бойынша тергеу амалдары басталған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →