×

Таразда ер мен әйел бесінші қабаттан секіріп кетті

Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған

Таразда ер мен әйел бесінші қабаттан секіріп кетті
Сурет: photogoroda.com

Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қалалық полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“Бесінші қабаттан 26 және 38 жастағы екі адам құлап,абырой болғанда екеуі де жапсарлас салынған құрылыстың шатырына түскен.Құтқарушылар мен дәрігерлер оларды зембілмен шатырдан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған. Олардың не себепті терезеден секіргені белгісіз” , – делінген полиция хабарламасында.

Қазір жергілікті полиция мән-жайды анықтап жатыр.

«Омыртқа жарақатымен ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа ота жасалды. Жамбас сүйегі сынған әйел травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа, тұрақты», –  дейді Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің дәрігері Мислим Ризманов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →