×

Өртке оранған Калифорнияда қанша қазақстандық студент бар

Ол жақтағы студенттер –  «Болашақ» пен ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары

Өртке оранған Калифорнияда қанша қазақстандық студент бар
Сурет: us.cnn.com/Ethan Swope/AP

Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында қанша  қазақстандық студент бар екені айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мәлімдеді.

“Жойқын өрт болып жатқан Калифорния штатында 73 қазақстандық студент бар. Оның ішінде 56-сы «Болашақ», ал 17-сі ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста. Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз», – делінген орталықтың хабарламасында.

Орталық барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, елшілікпен байланыста болуға  шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Бүгін, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →