×

"Белдік дұрыс бекітілмеген": Павлодарда бала 5 метр биіктен құлап кетті

Баланың анасы барлық кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр

"Белдік дұрыс бекітілмеген": Павлодарда бала 5 метр биіктен құлап кетті
Сурет: Бейнеден кадр

Павлодарда сауда орталығында бала 5 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеп отыр.

"Екі балам ата-әжесімен демалыс күндері “Батырмолдағы Viking land”-қа барған. Сол жерде менің кіші ұлым бес метрден астам биіктіктен құлады. Ол жерден шығарылғанда мұрны мен аузынан қан ағып тұрды. Балам қатты үрейленіп қалған. Үлкен ұлым да оның артынан құлап кете жаздаған. Оның аяғы ілініп құламай қалған. Балалармен бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Барлық кінәлілерді жазалауды талап етемін ", – дейді балалардың анасы.

Зардап шеккен бала мен оның анасы қазір Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр.

“Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін іс жүргізу шешімі қабылданады. Бала сауыққаннан кейін ауру тарихына сүйеніп, сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу шаралары аясында жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында 1000 шаршы метр теннис клубының аймағы өртеніп кетті
Бүгін, 14:44

Алматы облысында 1000 шаршы метр теннис клубының аймағы өртеніп кетті

Клуб аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған қаңқалық құрылым, теннис кортының жабыны және үрлемелі күмбез өртеніп кеткен
Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Камзин көшесіндедегі тұрғын үйлердің бірінде болған
Сұлы майы 2024 жылғы қарашада бөбекжайға әкелінген, жарамдылық мерзімі 18 айды құрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →