×

12 жасар қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana сотта жеңілді

Әуекомпания сотта жеңілді

12 жасар қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana сотта жеңілді
Фото: FlyArystan

12 жасар қыз бала – Зерені «Астана-Орал» рейсінен түсіріп кету оқиғасына қатысты Air Astana компаниясының аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Бұл туралы баланың қорғаушысы Данильхан Шағатаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Бүгін Air Astana-ның Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне түсірген аппеляциялық шағымын қарау аяқталды. Тасымалдаушы моральдық шығынды 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге төмендетуді сұраған еді.

Алматы қалалық сотының сот алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, шешімді өз күшінде қалдырды. Бұл баланың анасы алғашқы сот үкім еткендей 5 млн теңге моральдық шығын алады деген сөз», - делінген аввокаттың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Қорғаушы осы бір даулы істің нүктесі қойылып, онда жеңіп шыққандарына қуанышты екенін жеткізген. 

«Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл кейс алдағы уақытта жақсы үлгі болатыны сөзсіз», - деді Данильхан Шағатаев. 

Айта кетейік, былтыр шілде айында FlyArystan әуе компаниясы ата-анасы сеніп тапсырған тұлғамен бірге Нью-Йорк қаласынан ұшып келіп, артынша Оралға ұшуы тиіс қыз баланы Астана әуежайында қалдырып кеткенін жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында 1000 шаршы метр теннис клубының аймағы өртеніп кетті
Бүгін, 14:44

Алматы облысында 1000 шаршы метр теннис клубының аймағы өртеніп кетті

Клуб аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған қаңқалық құрылым, теннис кортының жабыны және үрлемелі күмбез өртеніп кеткен
Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Камзин көшесіндедегі тұрғын үйлердің бірінде болған
Сұлы майы 2024 жылғы қарашада бөбекжайға әкелінген, жарамдылық мерзімі 18 айды құрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →