×

Шұғыл: Ақтөбеде белгісіз біреулер қызды кепілге алды

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен

Шұғыл: Ақтөбеде белгісіз біреулер қызды кепілге алды
видеодан кадр

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында белгісіз біреу қызды кепілге алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Желідегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оқиға Рысқұлбеков көшесіндегі үйлердің бірінде болып жатыр.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды.

Жер үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кеткен. Ол қызды кепілге алған. Оқиға орнына шұғыл қызметтің бәрі жетті, аумақ қоршауға алынды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры оқиға орнында жүр. Қазір келіссөз жүріп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Күдікті жігіттің туыстары анасына «істі жабайық» деп ұялы телефон ұсынған
Клуб аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған қаңқалық құрылым, теннис кортының жабыны және үрлемелі күмбез өртеніп кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →