Арнайы операция кезінде күдікті ұсталып, кепілдегі әйел босаған.
Ақтөбеде кепілге алынған 40 жастағы әйелдің анасы ауруханаға жеткізу кезінде, өгей әкесі отаға дайындау кезінде мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz
2024 жылдың 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жер үйде бір адамның кепілге түскені туралы хабар келді. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды. Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Ақтөбе полициясы.
Арнайы операция кезінде күдікті ұсталып, кепілдегі әйел босаған.
Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақатын алған егде жастағы екі адам табылды, олар қыздың ата-анасы. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты, - деп хабарлайды полиция.
Айта кетейік, кеше кешкі сағат 20:00-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.