×

Қарағандыда балабақша өртеніп, балалар эвакуацияланды

Оқиға орнында ТЖД психологтары да жұмыс істеп жатыр

Қарағандыда балабақша өртеніп, балалар эвакуацияланды
Сурет: ТЖМ

Қарағанды қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде өрт шығып, 88 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

 “Қарағанды қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде жертөледегі заттар (1 ш.м.) мен электр қалқанының автоматы өртеніп кетті. ТЖМ құтқарушылары балабақшадағы өртті сөндірді. ТЖМ күштері түтінге толы ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады. Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ”, –  делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды
Бүгін, 17:28

Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды

Сарыөзек әскери гарнизоны ресми түсініктеме берген
Айлықтан айлыққа өмір сүрген отбасының мойнында 12 миллион теңге несие бар екен.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →