×

Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды

Сарыөзек әскери гарнизоны ресми түсініктеме берген

Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

Қатардағы жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ratel.kz-ке сілтеме жасап.

“2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің (Сарыөзек) мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды. Ол 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған”, - делінген хабарламада.

Кейін аталған агенттік Сарыөзек әскери гарнизонынан ресми түсініктеме алған. 

“Даладағы жаттығу барысында мерзімді әскери қызметшінің атыс қаруын қолдану ережелерін бұзу салдарынан кеудесінен жарақат алғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталуда, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының басшылығымен арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің басшылығы қаза тапқан сарбаздың отбасына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады, көмек көрсетілетін болады”, - деп жазылған ақпаратта. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Айлықтан айлыққа өмір сүрген отбасының мойнында 12 миллион теңге несие бар екен.
Оқиға орнында ТЖД психологтары да жұмыс істеп жатыр
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →