×

"100% кінәлі": Семейде шырша безендіргенде құлаған мұғалім ісі бойынша тексеру аяқталды

Қазір іс материалдары полицияға жіберілген

"100% кінәлі": Семейде шырша безендіргенде құлаған мұғалім ісі бойынша тексеру аяқталды
Сурет: qalamger.kz

 Семейде шыршаны безендіріп жатқанда құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеруді аяқталды.

Бұл туралы істе ҚР Еңбек инспекциясы тексеру жұмыстарын аяқтаған.

“Жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді. Жұмыс беруші мұғалімге жоғалған жалақысын толық көлемде төлеуге және ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындарын өтеуге міндетті. Іс материалдары полицияға жіберілді, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады”, – делінген Еңбек инспекциясы хабарламасында.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алғанын, кейін оның 8 қаңтарда ауыр операциядан кейін ауруханадан шығарылғанын, ем-домның ары қарай жалғасатынын жазған болатынбыз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Бүгін, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →