×

Қызылордада қайнысы жеңгесіне 65 пайыз бауырын берді

Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Қызылордада қайнысы жеңгесіне 65 пайыз бауырын берді
Сурет: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып, қайнысы жеңгесіне 65 пайыз бауырын берген, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

“Бауыр циррозы ауруына шалдыққан 40 жастағы әйелге жолдасының інісі донор болды. Дәрігерлер жеңгесінің өмірі үшін тәуекелге барған жігіттің 60-65 пайыз бауырын трансплантациялап, науқасқа салды. Он сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Қазіргі уақытта ем алушы бұрынғы өмірiне оралды деуге әбден болады, яғни емделуге тәуелділiк, уақыт пен тамақтануға байланысты шектеулерден босап, жұмыс істеуге және белсенді өмір салтын ұстануға толыққанды мүмкіндік алды”, – делінген Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Шетелде мұндай отаның құны 200-300 мың АҚШ долларын құрайды. Ал Қазақстанда мемлекет есебінен тегін жасалып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр
Бүгін, 15:42

Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды
Полиция департаменті бұл деректі растады
Оларды тінту барысында травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →