×

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
ТЖМ

«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен - Самара» автожолының 101-ші шақырымында жауын-шашынның мол түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 текше метр қар көшкіні өздігінен сырғып түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қар көшкіні жолды жауып тастаған.

“Бүгінгі таңда жол толығымен тазартылды. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынамыз. Көшкін қаупі бар көптеген ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез өтіп кетіңіз”, – делінген төтеншеліктердің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →