×

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты үш елде қылмыстық іс жүргізіліп жатыр

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты үш елде қылмыстық іс жүргізіліп жатыр
Фото: АР/ТАСС

Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің құқық қорғау органдары Ақтау маңында болған ұшақ апатын тергеп жатыр, үш елде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы Әзербайжанның Бас прокуроры Кямран Алиев айтты. 

Ұшақ апатына байланысты үш елде – Ресей, Қазақстан және Әзербайжанда қылмыстық істер қозғалды. Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдер жинады, кейін олар кінәлі тұлғадарды анықтау үшін бірлесіп талданады. Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті мен Бас прокуратурасы осы бағытта тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – дейді Кямран Алиев.

Бразилия Қазақстанға қара жәшікті зерттеу қорытындысын бергені белгілі болған еді. Себебі Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдау аяқталған. 

Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктерін Бразилия талдап, нәтижелерін Қазақстанға жіберген болатын.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →