×

«Екі қолынан түк қалмаған». Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады

«Екі қолынан түк қалмаған». Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады
Фото: Видеодан скриншот

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында жасөспірімді ит қауып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды. 

Балам мұғалімінен сұранып үйге қайтып келе жатқан. "Ата-анам келіп күтіп тұр" деп сынып жетекшісін алдап шығып кетіпті. Сөйтіп үйге қарай такси күтіп тұрғанда арт жағынан келіп, ит тап берген. Бала итпен әбден алысқан. Шамасы жетпеген. Мойнынан құшақтап қылқындырмақ та болған, амалы құрып екі қолын бере берген. Ит екі қолынан түк қалдырмай шайнап тастаған, - дейді жасөспірімнің әкесі Ықылас Жарылғапов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан
Кеше, 15:06

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан

Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді
Оны тоқтаусыз ұрып-соғу денсаулығын нашарлатып, жүрек ауруына ұшыратқан
Жағдайға байланысты тұрғындар әкімдікке арыз-шағымын жеткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →