×

"Тек орыс тілінде қызмет көрсетеміз!": Дүкен есігіне жазба жазған павлодарлыққа сот үкімі шықты

Сот оған айыппұл түріндегі жазаны тағайындаған

"Тек орыс тілінде қызмет көрсетеміз!":  Дүкен есігіне жазба жазған павлодарлыққа сот үкімі шықты
Сурет: коллаж

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты дүкеніне «Обслуживаем только на русском» деп жазып қойған азаматтың әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша істі қарады (ӘҚБтК 434-б. 1-б.). 2025 жылғы 16 қаңтарда азаматша Н. Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен сөресіне «Обслуживаем только на русском» деген мазмұндағы хабарламаны жапсырған.

  • Осылайша, ол қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн әрекеттер жасаған.
  • Н.-ның кінәсі оның түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбамен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен анықталды.
  • Н. өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Ол өз әрекетін оның «Маған «бір келі фарш» беріңізші» деген өтінішіне сатушының орысша сөйлеуін өтінуімен түсіндірді, бұл оның осы әрекеттерге баруына түрткі болған”, – делінген .

Сот қандай шешім қабылдаған

”Сот Н.-ны ӘҚБтК-сі 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, өз кінәсін мойындауын, өкінуін, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын ескере отырып, 55 048 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаны тағайындады”, – делінген сот шешімінде.

Сот қаулысы заңды күшіне енгенбеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайы күшейтілген режимге көшті
Бүгін, 16:06

Алматы әуежайы күшейтілген режимге көшті

Әуежайда ауа райына байланысты рейстер кешігуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →