×

"Желілерде компромат жариялаймыз": Алматыда блогерлер кәсіпкерге қоқан-лоққы көрсетті

Олар кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалап алған

"Желілерде компромат жариялаймыз": Алматыда блогерлер кәсіпкерге қоқан-лоққы көрсетті
Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда танымал блогерлер кәсіпкерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі Алматы қалалық полиция департаменті мәлімеді.

“Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Пекинде алапат нөсер жауып, кемінде 30 адам қаза тапты
Бүгін, 13:34

Пекинде алапат нөсер жауып, кемінде 30 адам қаза тапты

Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды
Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды. 
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →