×

Сарандағы дүкенде әйелді аяусыз пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Полиция 50 жастағы ер адамды қамауға алды

Сарандағы дүкенде әйелді аяусыз пышақтап кеткен ер адам ұсталды
Сурет: Бейнеден кадрлар

Полиция Қарағанды облысының Саран қаласында дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

22 қаңтарда белгісіз ер адам  Сарандағы азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасап, кейін қашып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған болатын. 

"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда", –  деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінде Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесін зорлықпен өлім белгілерімен табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарлаған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →