×

"Қаптарға салынған есірткі тасымалы": Елордаға есірткі жеткізетін ірі арна белгілі болды

Есірткі арнасынан жалпы көлемі 2 тоннаға жуық есірткі өнімдері тәркіленген

"Қаптарға салынған есірткі тасымалы": Елордаға есірткі жеткізетін ірі арна белгілі болды
Сурет: ҰҚК/коллаж

Елордаға оңтүстік өңірлерден есірткі жеткізетін ірі арна жойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кесті. Есірткі тасымалдау кезінде «наркокурьер» ұсталды. Көлікті тексеру барысында 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылып, тәркіленді. Бұдан өзге, тінтулер нәтижесі бойынша қосымша 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленген. Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі болды,”  – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазір қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынған.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр
Бүгін, 18:05

Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған
Оқиға бүгін «Шапағат» шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →