×

Қарағанды облысындағы тасжолда 19 көлік соқтығысып қалды

Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі айтылды

Қарағанды облысындағы тасжолда 19 көлік соқтығысып қалды
Видеодан скриншот

Қарағанды облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Тасжолда бірден 19 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатерибург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды.

Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданып, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды.

"Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасының алдын ала себептерінің бірі - жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау.

ЖКО бойынша қосымша ақпарат анықталып жатқаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Бүгін, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →