×

Шымкентте туған әпкесінің қызын өлтірген әйел 20 жылға сотталды

Қылмыскер қасақана әркетін мойындамады

Шымкентте туған әпкесінің қызын өлтірген әйел 20 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы жағдай Шымкентте 2024 жылы болған. 30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 2018 жылғы қыз баланың аяқ-қолын байлап тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Осыдан кейін жерге құлаған қызды одан әрі ұрып-соғып қорлаған. Қатты соққыдан балақай есінен танып, ал әйелдің айуандық әрекеті бұдан әрі жалғаса түскен. Туған әпкесінің перзенті су толы ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтіріпті.

Қылмыскер қасақана жасаған әрекетін сот барысында сол күйі мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.

«Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады», – дейді Шымкент қалысының соты.

Алайда, сот өз сіңлісіне жауыздық көрсеткен сотталушыға жеңілдік берген жоқ. 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Әйел енді 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →