Жәбірленуші қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты полицияға жүгінуге қорыққан
Павлодарлық қыздың қыр соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Полиция департаменті мәлімдеп отыр.
"Ажырасқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан. Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және кейіннен өз елінің елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды. Ол енді елден шығару жайлы шешімді күтеді", - делінген полиция ххабарламасында.
Қыз қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты бұрын полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған. Бірақ ол жігіттің қыр соңынан қалмағанынан қатты қауіптенген жәбірленуші полицияға ер адамға қатысты шара қолдануды сұрап арызданған.