×

Қанат Бозымбаев ұшақ апатының алдын-ала қорытындысы қашан шығатынын айтты

Ол мұның бәрі біраз жұмыс деп отыр

Қанат Бозымбаев ұшақ апатының алдын-ала қорытындысы қашан шығатынын айтты
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы келесі аптада жарияланады. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі баспасөз мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір тексеру жүріп жатыр. Көлік министрлігі жанынан құрылған арнайы топ бар. Оның ішінде біздің де сапаршылар, Ресей тарапының, Бразилияның мамандары, ICAO тарапынан Нидерланд елінің бір өкілі. Қазір «қара жәшіктің» дыбыс деректерін қарап жатыр. Ұшақтың режимдерін қарап оларды сәйкестендіреді, - дейді Қанат Бозымбаев.

Ол мұның бәрі біраз жұмыс деп отыр. Өйткені оны дәлелдеу үшін тексеру жасайды.

Кімнің дауысы соның бәрін анықтау керек. Қай минутта, қай секундта кім не айтқанын, кімнің қандай пәрмен бергенін зерттейміз. ICAO-ның стандарты бойынша әуе апатының алдын ала себептері бір айдың ішінде жариялануы керек. Осы мәселелердің бәрін келесі аптада бітіреді деп ойлаймын. ICAO-ның талаптарына сәйкес бір айдың ішінде алдын ала қорытындыларды жариялау керек. Сол ұсынымдарға сүйенсек, келесі аптада біздің жауапты министрлік тиісті ақпаратты береді, - деді вице-премьер.

Ол қара жәшікке қатысты қорқатын ештеңе жоқ. Барлығы мөр басылған. Көшірмесі Ресей мен Әзербайжанда бар деп отыр.

Айта кетейік, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктерін Бразилия талдап, нәтижелерін Қазақстанға жіберген болатын.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, Әуе апатынан 38 адам қаза тапты, 29 адам аман қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →