×

Ақтауда өзіне қол салған спортшы қыздың ісі: ағасы қарындасы зорлық көрген жердің фотосын жариялады

Қазір іс сотта апелляциялық сатыда

Ақтауда өзіне қол салған спортшы қыздың ісі: ағасы қарындасы зорлық көрген жердің фотосын жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Былтыр мамыр айында Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін спортшы қыз Алина Серікованы ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстағаны БАҚ беттерінде жарияланды. Оқиғадан соң жәбір көрген бойжеткен 9-қабаттан секіріп көз жұмды.  Ол қайтыс болар алдында жағдайды құрбысы Әсел Шотқараға айтып берген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы ретте Lada.kz қылмыстық оқиға болған жерден сурет жариялады.

Қайтыс болған спортшының ағасы Бауыржан Жолжан редакцияға қылмыс орнынан түсірілген суреттерді ұсынды. Оның айтуынша, сот отырысында судья фитнес жаттықтырушысы Әсел Шотқараның оқиға орнын суреттеуінің қаншалықты дұрыс екеніне аса мән бермеген. Туыстарының айтуынша, Алинаның өз-өзіне қол жұмсауына ұрлау, жәбірлеу және зорлық-зомбылық себеп болғаны даусыз. Алайда сот «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы дәлелденбеген деп тапты.

Алина екеуміз ас үйде сөйлесіп отырғанымызда, ол қамап қойған бөлмесін айта бастады. Алина ішке кіргенде ашық түсті кілемді, кеңестік үлгідегі темір екі қабатты кереуетті, шетіне жапсырылған ашық түсті жалюзи көргенін  жеткізді. Ішінде мұнайшылардың арнайы киіміне ұқсас қызыл «арнайы форма» болған. Содан қолдан тігілген жиналып тұрған көрпе болған, шкаф тұрған. Есіктің арнайы тесігінен (глазок) «БекТранс» деген жазуы бар белгі көрінген. Ас үйдегі әңгіме барысында ол: «Ертең мен айта алмайтын жағдай болса, сенен сұрайды, сол кезде түсіндіресің деген еді, – дейді Әсел Шотқара.

Алина құрбысына күдіктілерде болған үш көлікті де егжей-тегжейлі айтып берді. Зорлық-зомбылық көрген қыз үш күн бойына өз-өзіне келе алмаған. Сөйтіп, ақыр соңында суицидке барған. Марқұмның ағасы мен туыстары бес күдіктінің де кінәлі екеніне күмән келтірмейді. Оның үстіне, олар Алинаға зорлық-зомбылықты бір ғана емес, ұсталғандардың барлығы жасағанын айтады ( сараптамалар да мұны растайды).

Қазір іс сотта апелляциялық сатыда. 21 қаңтарға белгіленген сот отырысы айыпталушылардың бірінің адвокаты келмегендіктен кейінге шегерілді. Алинаның ағасы тергеу барысында ненің ашылғанын және сот процесінде оған қандай нюанстар оғаш көрінгенін егжей-тегжейлі айтып берді.

Еске салсақ, 18 мамырда Алина Серікова 9-қабаттан секіріп, көз жұмады. Туыстары оның бұл әрекетіне «бес жігіттің қорлық көрсеткені себеп болды» деп отыр. Басты күдікті саналған 33 жастағы азамат Қылмыстық Кодекстің 8-бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айрылған. Басқа екі жігіт – 7 жылға, ал қалған екеуі 8 жылға жаза арқалған. Іле-шала облыс прокуратурасы да соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Қазіргі таңда іс апелляциялық сатыда қаралуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →