×

Шұғыл: Түркияда үш қабатты үй опырылып құлап, үйінді арасынан адамдар іздестірілуде

Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, ғимарат Сельчуклу ауданында құлаған

Шұғыл: Түркияда үш қабатты үй опырылып құлап, үйінді арасынан адамдар іздестірілуде

Түркияның орталығындағы Кония провинциясында үш қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Бүгінде іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. 

Yeni Şafak газетінің хабарлауынша, ғимарат Сельчуклу ауданында құлаған. Оқиға орнына құтқарушылар, полиция және бірнеше жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Провинция губернаторы Ибрагим Акынның айтуынша, үй қирандыларының астында бірнеше адам болуы мүмкін. Құтқарушылар қазірдің өзінде екеуін аман алып шықты. 

Ғимараттың құлау себебі әлі анықталған жоқ, тек ескі болғаны айтылды.

Кония прокуратурасының оқиғаға байланысты тергеуді бастағаны хабарланды.

Көпқабатты үйдің қираған сәті видеоға түсіп қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр
Бүгін, 15:42

Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды
Полиция департаменті бұл деректі растады
Оларды тінту барысында травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →