Әйелге босанған соң ота жасалған
Ақпаратты EGOV.PRESS телеграм-арнасы таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
EGOV.PRESS телеграм-арнасы өз дереккөздеріне сүйеніп, Қызылорданың облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылғанын. Ал бір айдан кейін ол әйелден ВИЧ расталғанын хабарлайды. Оқиға тіркеліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған, бірақ ешқандай шара қолданылмаған. Медицина қызметкерлерін тергеудің орнына бұқаралық ақпарат құралдарында шағымданудың қажеті жоқ екенін және пациентке ақша ұсынылғаны хабарланады.
Осы ақпаратқа қоса тіркелген телеграм-арна осы мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса жариялады. Ол құжатта әйелдің 2024 жылы 22 қыркүйекте жедел жәрдеммен периниталдық орталыққа жеткізіліп, 23 қыркүйекте түнде табиғи жолмен ұл тапқаны жазылған. Жатырынан қан кетуіне байланысты босанған соң оған ота жасалған. Сол күні екінші ота тағы жасалған. 16 қазанда үйінен шығарылған.