×

Қызылордада жаңа босанған әйел ВИЧ жұқтырды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп жатыр

Министр журналистердің сұрақтарына жауап берді

Қызылордада жаңа босанған әйел ВИЧ жұқтырды: Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп жатыр
Фото: ligion-media.ru

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәжіліс кулуарында жаңа босанған қызылордалық әйелдің перзентханада ВИЧ жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер мәжіліс кулуарында Денсаулық министріне әлеуметтік желіде тараған Қызылорда қаласының перинаталдық орталығында әйелдің ВИЧ жұқтырғаны туралы ақпаратты жеткізді. Олар бұл жағдай әйел босанғаннан кейін қан құю кезінде болғанын айтты.

БАҚ өкілдері министрі Ақмарал Әлназаровадан бұл ақпараттың рас немесе жалған екенін айтып беруді өтінді.

"Бұл жайт денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ешкім жауапқа тартылмады деп айта алмаймыз", - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →