×

Әскерде жүріп мүгедек болған Ербаян Мұхтар Стамбұлдан Астанаға қайтатын болды

Әскерде жүріп мүгедек болған Ербаян Мұхтар Стамбұлдан Астанаға қайтатын болды
@inga_imanbay

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлдағы емін аяқтап, елге қайтатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құқық қорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, ол Астанаға жолға шыққан.

Яғни Ербаянымыз екі-үш ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең, реабилитацияны бастайды. Астанада Ербаян нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Ол кісіге ерекше алғысымызды айтқымыз келеді. Сонымен қатар, Ербаян Стамбулда болғанда емін ұйымдастырып, аударма жасап, жандары қалмай көмектескен Динара мен Реджепке де алғыс айтамыз. Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезең еміне кеткен қаражат бойынша есеп беріп, осы аралықта төленген қаражаттың чектерін жариялайды. Осының барлығы Сіздердің арқаңызда екенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Ербаянның емі ұзақ екенін, шыдам мен табандылықты қажет ететінін ескеріп, оған тек қуат пен жігер тілейміз, - деп жазды Инга Иманбай.

Айта кетейік, Ербаян  Мұхтарұлы 22 жаста. Отбасында 4 баланың үлкені. Әскерге өзі сұранып барған. Бірнеше айдан кейін комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Ол 2023 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласының 5571 әскери бөлімінде жүріп, бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскерилер отбасына оның дәретханаға құлап, басын плитаға ұрғанын хабарлады. Туыстары бұл нұсқамен келіспеген. Ал ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаянның әжетханада құлағанын көрген куәгерлер барын, сол себепті оны ұрып-соқты деп айту әлі ерте екенін мәлімдеді

Ал былтыр қыркүйек айында оны Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына емдеуге апарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →